Жел 01, 2021 18:04 Asia/Almaty
  • Шейх әл-Ислами: БҰҰ АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық лаңкестік әрекетіне қарсы тұруы керек

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «БҰҰ АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақтылық пен экономикалық лаңкестікке қарсы тұрып, оны айыптауы керек»,- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Хасан Шейх әл-Ислами Теһранда БҰҰ-ның құрылғанына 76 жыл толуында: «БҰҰ күні БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қол жеткізудегі күш-жігерін қолдаудағы бұл ұйымның маңызды рөлін еске түсіретін негіз болып табылады. Бұл ұйымның міндеттерінің бірі - БҰҰ Жарғысының ережелерін бұзатын АҚШ-тың біржақты саясаты мен экстерриториялық заңдарымен күресу»,- деп мәлімдеді.