Жел 01, 2021 19:29 Asia/Almaty

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының орталығы Шираз қаласының маңызды қолөнерінің бірі – жеті түсті плиткасы. Жеті түсті плитка – ислам дәуіріндегі сәулет өнеріне жататын жұмыс плиткаларының бір түрі.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шираздағы Вакил мешіті, Насыр әл-Мүлк мешіті және Зинат әл-Мулук үйі сияқты жерлерде жеті түсті плитка қолданылған. Жеті түсті плиткалардың дизайны мен қолданылуының нақты тарихы жоқ, бірақ құжаттарға сәйкес олар Персеполистің алып ғимаратының құрылысында және Ахеменидтер дәуірінде жасалған жұмыстарда қолданылған.