Жел 01, 2021 19:38 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, сәрсенбі күні: "Өткен тәулікте елде 82 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 129912 адамға жетті",- деп хабарлады.

 

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 4312 адамнан COVID-19 анықталды.  Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6121757 адамға жетті. Осы күнге дейін 5892574 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды. Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ елде 106267319 доза вакцина егілгенін хабарлады.

 

Тегтер