Жел 03, 2021 16:59 Asia/Almaty
  • Иранның 6 түрлі құрмасы дүниежүзілік ұйымға тіркелді

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрлігінің индустриалды меншікті қолдау департаментінің бас директоры: «Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысында өсетін құрманың 2 түрі – кабкаб пен алтын заһедиді қосқанда Иранның әлем бойынша тіркелген құрмалар саны 6-ға жетті»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, сейіт Мехди Мирсалехи: «Осыған сәйкес Иран құрмасының 6 түрі – Бушердің кабкабы мен алтын заһедиі, Хузистанның естемараны, Хормозганның Хаджиабад пиорамы, Систан мен Белуджистанның раббысы, Кермандағы Бамның мазафаты әлем бойынша тіркеуден өтті»,-деді.

Мирсалехи Дүниежүзілік индустриалды меншік ұйымында тіркелген өнімдердің стратегиялық және экспорттық сипаты барын айтып: «Қазіргі таңда Иранның 55 өнімі осы ұйымда тіркелген»,-деді.

Тегтер