Жел 06, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Раиси: Бар күш-жігерімізбен санкцияларды жоюға талпынып жатырмыз

Иран Президенті жексенбі күні кешке: «Иран үкіметі бар күш-жігерімізбен санкцияларды залалсыздандырып, жоюға талпынып жатырмыз»,-деді.

Раиси Иран халқымен тікелей эфирде сұхбаттасып, үкіметтің «зұлым санкцияларды жою» және «ядролық мәселелер» деген екі тақырыптағы ұсыныстар мәтінін Вена келіссөздерінің соңғы кезеңінде қарсы тарапқа ұсынғанын айтып: «Иранның келіссөздерге абырой-айбынмен қатысатыны бүкіл әлемге дәлелденді»,-деді.

Раиси зұлым санкцияларды залалсыздандырып, жоюдың Иран үкіметінің басты басымдығы екенін айтып: «Осы күнге дейін түрлі елдердің басшыларымен 100-ден аса жиналыс өткізіп, сөйлестік. Осы сұхбаттарда ИИР-ның әлеммен саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік байланыс орнатуға ниетті екенін айттық»,-деді.

Иран Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиттарына қатысқанын айтып: «Бұл екі саммит Теһран үкіметі үшін көршілес және аймақ елдерімен қарым-қатынасты кеңейтуге жаңа кеңістік тудыруға мұрсат берді»,-деді.

Иран Президенті көршілес елдермен бірнеше келісімшартқа қол қойылғанын айтып: «Бұл келісімшарттар мәтіні жақында жарияланатын болады»,-деді.  

Тегтер