Жел 07, 2021 15:54 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚШ-тың санкцияларды алып тастамайынша «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралу мүмкіндігі жоқ

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың ИИР-на қарсы залым санкцияларын жоймай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуының жолы жоқ»,- деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында: «Батыстың өз міндеттемелерін орындамай жатқанына қарамастан, Иран игі ниет таныту және біржақты және заңсыз санкцияларды жою мақсатында жақсы келісімге келу үшін сәтті келіссөздерге әлі де дайын. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдай  АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жою әрекетінен бас тартпағандықтан туындады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер