Жел 07, 2021 18:32 Asia/Almaty
  • Шамхани: АҚШ аймақтағы дағдарысты жалғастыруды көздеуде

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Сирия мен Иракта ДАИШ-тің ыдырауы және Қарсыласу майданының жеңісінен кейін АҚШ аймақта жаңа дағдарыстар іздеуде»,- деді.

Адмирал Әли Шамхани сейсенбі күні Теһранда Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Мекдадпен кездесуінде аймақтағы жағдайды түсіндіріп, Сирияда қауіпсіздік дағдарысын тудыру қастандықты   америкалық-сионистік жоспар деп атады және бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін  салдарлары туралы ескертті. Шамхани сионистік режимнің Сирия жеріне басқыншылық әрекеттерін жалғастыруын айыптап, бұл шабуылдарды режимнің Палестина мен Ливанға қарсы үрейлі басқыншылықтарының жалғасы деп тауып: «Қарсылық – аймақтағы сионистік қатерлі ісіктен құтылудың жалғыз жолы»,- деді. Фейсал Меқдад сондай-ақ   Сириядағы америкалық күштердің заңсыз болуын егемендік принципін бұзу және елдің аумақтық тұтастығына қол сұғу деп атап: «АҚШ Сириядағы тұрақтылықтың орнатылуының алдын алу үшін лаңкестік ұяшықтарды жандандыруды көздейді»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер