Жел 07, 2021 19:54 Asia/Almaty

Иранның гандболдан әйелдер ұлттық құрамасының қақпашысы Фатима Халили Әлем чемпионатында Норвегиямен өткен матчта алаңның үздік ойыншысы атанды және Дүниежүзілік федерацияның жүлдесін жеңіп алды.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның әйелдер ұлттық гандбол командасы Испания Әлем чемпионатындағы екінші кездесуін Олимпиада чемпионы Норвегиядан ұтылды. Иранның гандболдан әйелдер ұлттық құрамасының қақпашысы Фатима Халили осы ойынның үздік ойыншысы болып таңдалды.  Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Иранның гандболдан ұлттық әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойында Қазақстанмен кездеседі.

 

 

Тегтер