Жел 27, 2021 20:38 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран мұнайы ешбір кедергісіз оңай сатылуы тиіс. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының экономикалық артықшылықтарын толық пайдалануы керек",-деп қуаттады.

Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Теһранда "Иранның халықаралық қатынас тарихы" атты бесінші конференция аясында Вена келіссөздерінің жаңа кезеңінің қайта басталғанына тоқталып, қарсы тараптардың міндеттемелерін орындауын кепілдендіру және тексеру тақырыбын Иран жіті бақылап отырғанын айтып: "Сұхбаттарға сәйкес, келіссөздер жаңа ортақ құжат дайындау турасында болып жатыр. Иран көңіл аударған мәселелердің бірі – кепілдендіру және дұрыстығын тексеру",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Маңызды мәселе: Иран мұнайы ешбір кедергісіз оңай сатылуы тиіс. Оның ақшасы валютамен Иранның банктегі есеп-шоттарына төленуі тиіс",-деді.  

Иран мен 4+1 тобының келісімгер делегацияларының басшылары деңгейіндегі  келіссөздердің сегізінші кезеңі бүгін кешке басталады.     

Тегтер