Қаң 04, 2022 01:51 Asia/Almaty
  • Сардар Солейманидің шәһид болуы АҚШ-тың Батыс Азияда позициясын жоғалтуын тездетті

Бүгін, 2022 жыл 3 қаңтар Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің марқұм қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің АҚШ үкіметі тарапынан қасақана өлтірілгеніне екі жыл толды.

2020 жылы 3 қаңтар күні таңертең АҚШ үкіметінің лаңкестікпен күрестегі ірі қолбасшылардың біріне шабуыл жасағаны туралы хабар тарады. АҚШ үкіметі Бағдат әуежайына жақын маңда сардар Солеймани мен оның жолдастары, соның ішінде Хашд-аш-Шааби күштері басшысының орынбасары Абу-Махди әл-Мохандесқа шабуыл жасады.

Дұшпандар, әсіресе АҚШ пен сионистік режим қарсыласу күштерінің ең маңызды қолбасшысы ретіндегі сардар Солейманиді жою арқылы аймақ елдерінде қарсыласу күштерінің арынын басуға болады деп ойлады. Аймақтағы күш-қуат теңгерімін сақтап қалуға тырысты, бірақ керісінше қарсыласу өзегінің қуаты артты.

Соңғы екі жылдағы өзгерістер дұшпандардың қарсыласу күштерінің ішкі динамикасы мен діни сенімдерін дұрыс түсінбегенін тағы дәлелдеді. Сардар Солеймани шәһид болса да, қарсыласу күштері үстемшілдікке қарсы күресін жалғастырып жатыр, өйткені оның басты стимулы діни сенімдерден тамыр алған.

Сардардың шәһид болуы үстемшілдік және сионизммен күрестің тоқтауы немесе әлсіреуіне әкеліп соқтырмады, керісінше америкалықтардың осы қылмысынан екі күн өткеннен кейін Ирак Парламенті америкалық әскерилерді елден шығару туралы қаулы қабылдады. 24 қаңтарда Бағдатта америкалықтарға қарсы миллиондық шеру өтті.

Мұнымен қоса, Иракта қарсыласу топтары мен америкалық әскерилер арасында қақтығыстар күнделікті іске айналды. АҚШ үкіметі сардар Солейманидің шәһид болғанынан 5 ай өткенде Бағдат үкіметімен осы елдегі америкалық әскерилердің жағдайы жайлы келіссөздердің жаңа кезеңін бастауға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде ақырында Иракта америкалық әскерилердің жағдайы "жауынгерлік" қалыптан "әскери кеңесші" статусына өзгерді.
Бұған қарамастан АҚШ Ауғанстанда жеңілгенін мойындап, әскерін шығарғандай, жуырда Ирактан да әскерін толық шығаруға мәжбүр болатын сияқты.

Тегтер