Қаң 12, 2022 21:36 Asia/Almaty
  • Вена келіссөздеріндегі батыстықтардың кешіктіруі

Иранға салынған санкцияларды жою туралы Венадағы келіссөздер Батыс, әсіресе АҚШ келісімге келуге әлі саяси ерік-жігер танытпаған жағдайда жалғасуда.

Соңғы екі күнде Иранның келіссөздер тобының басшысы Әли Бақери мен 4+1 тобы келіссөздерінің қатысушылары арасындағы қарқынды және дәйекті келіссөздер жалғасты және Иранның бас келіссөзшісі Ресей, Қытай өкілдерімен жеке кездесулерімен қоса Еуроодақ пен Еуропаның үш елінде сарапшылық кездесулер өткізіліп, қалған мәселелер де талқыланды. Вена келіссөздеріне қатысатын делегациялар санының артуы келіссөздер үдерісінің алға жылжуының және кейбір жағдайларда келіспеушіліктердің туындауының бір себебі болып табылады. Келіссөздер үдерісіндегі біршама ілгерілеушілікке қарамастан, батыстық тараптар тарапынан әлі де кейбір ерекше талаптар, кейде тіпті мәтінді кері қайтару әрекеттері де бар және бұл келіссөздердің баяу жүруінің бір себебі.

Сионистік режимнің Вена келіссөздер үдерісіндегі жойқын рөлі

Вена келіссөздері басталғалы Иранға қарсы санкциялардың жойылуына қарсы шыққан сионистік режим Иранмен кез келген ықтимал келісімге қарсы үнемі қоқан-лоққы позицияларын ұстанып келеді. Дүйсенбі күні Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет Вена келіссөздеріне және оның барысында келісімге келу мүмкіндігіне тағы бір рет ашуланып: «Иранмен жасалған кез келген келісім бұл режим үшін міндетті емес»,- деді.    «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысушы Батыс елдерінің  сионистік режимнің қоқан-лоққылары алдында үнсіз қалуы, сондай-ақ 2015 жылғы келісімді қайта жаңғыртуға талпыныс жасауы туралы уәждері, сондай-ақ келісімді орындамау және оны жою үшін біржақты әрекеттену ықтималы туралы үнемі айтатын режиммен үйлестіруді жалғастыруы   бұл елдердің келіссөздерде шынайы ізгі ниетінің жоқтығын көрсетеді деп бағалауға болады.