Қаң 14, 2022 20:09 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Біз дипломатиялық соғыста табанды тұруымыз керек

Теһран жұма намазының имамы санкцияларды жою келісімге келуді Ираннан гөрі дұшпанның қажет ететінін айтып: «Дипломатиялық соғыста табанды тұруымыз кере»,- деді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Қажы Әли Акбари бүгінгі жұма намазының екінші уағызында былай деді: «Иран санкцияларды алып тастауға асықпайды, бірақ келіссөздердің бүлдіргүш үдеріске айналуына жол бермейді. Иран халқының сыртқы саясатында  келіссөзге қатысушылар ешнәрседен қорықпай, күшті болуы керек және   парасаттылықпен, Аллаға сеніммен дұшпанның жобаларын сәтсіздікке ұшыратады».

Австрия астанасында 3 қаңтарда басталған Вена келіссөздерінің сегізінші раунды өткен 12 күннен бері әртүрлі деңгейде өтіп, әлі де жалғасуда.