Қаң 14, 2022 21:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Қытайдың күн тәртібіне стратегиялық мәселелер қарастырылуда

Иран Сыртқы істер министрі: «Стратегиялық мәселелер Иран мен Қытайдың күн тәртібінде және бұл мәселелер екі ел президенттерінің хат алмасуларында жаңа мұрсаттар тудырды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қытайға сапармен келген Хұсейн Амир Абдуллахиан соңғы айлардағы Иран мен Қытай қарым-қатынасының кеңеюіне тоқталып: «Соңғы төрт айда Иран мен Қытай сыртқы істер министрлері арасында жетіден астам рет кездесті және президенттер деңгейіндегі байланыстар екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы мен өсіп-өркендеуін көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Амир Абдуллахиан: «Иранның жаңа үкіметінде біз қарым-қатынастарды жеделдетумен бетпе-бет келудеміз. Иран мен Қытайдың екі жақты қарым-қатынасында әртүрлі мәселелерде жақсы үйлестіру мен әртүрлілікке ие болып, екі жақтың мүддесі үшін әртүрлі мәселелерде үлкен ілгерілеушілікке қол жеткіздік»,- деп сөзін жалғады.