Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаң 18, 2022 22:35 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта COVID-19-дан 18 адамның көз жұмғанын, жалпы індет құрбандары санының 132113 адамға жеткенін хабарлады.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 3653 адамнан COVID-19 анықталды және олардың 306-сы ауруханаларға жатқызылды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6227849 адамға жетті. Иранда осы күнге дейін 6068983 науқас жазылып, ауруханалардан шықты.