Қаң 21, 2022 00:37 Asia/Almaty

«Теңіз қауіпсіздігі-2022» әскери жаттығуына қатысушы кемелерді қарсы алу рәсімі ИИР армиясы мен Сақшылар корпусының теңіз күштері кемелерінің қатысуымен өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл рәсімде Қытайдың «Урумчи» кемесі мен «Тай Ху» техникалық кемесінен тұратын керуені және Ресейдің «Воряга» кемесі, «Адмирал Трибуц» эсминеці және «Борис» жанармай тасушы кемеден тұратын керуені  Иран армиясы мен Сақшылар корпусы кемелерінің қарсы алуымен Иранның территориялық суларына кірді.

Бұл әскери жаттығуға Иран армиясы мен Сақшылар корпусы теңіз күштерінің кемелері, соның ішінде «Дена» мен «Джамаран» эсминеці, «Табарзин» және «Зереһ» зымыран атқыш кемелері және Шәһид Назери атындағы кеме қатысатын болады.

«Теңіз қауіпсіздігі-2022» әскери жаттығуы Иран, Қытай және Ресей теңіз күштерінің қатысуымен ертең, жұма күні Үнді мұхитының солтүстігінде басталады.  

Тегтер