Қаң 21, 2022 17:42 Asia/Almaty
  • Раиси: Ресейге сапарым осы елмен қарым-қатынасты дамытуда бетбұрыс нүктесі болады деп үміттенемін

Иран Президенті жұма күні таңертең Теһранға кірер алдында: "Ресейге сапар осы дос əрі көрші елмен қарым-қатынасты дамытуда бетбұрыс нүктесі болып, аймақта қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып, аймақ пен əлемдегі дағдарыстарды жоюға көмектеседі деп үміттенемін",-деді.

Раиси: "Осы сапарда көтерілген мәселелер ИИР-дің сыртқы саясатындағы макро мақсаттарды орындауға, яғни əлем елдерімен, әсіресе одақтас əрі жақтас елдермен барынша əрекеттестік жасауға бағытталды",-деді.

Иран Президенті осы сапарда екі ел арасында көпжақты тұрақты жəне пайдалы қарым-қатынасты дамыту мақсатында басты келісім жасалғанына тоқталып: "Ресеймен қарым-қатынасты дамыту екі елдің қауіпсіздігі мен əл-ауқатын жақсартуға көмектесетіні анық",-деді.

Раиси: "Теһран мен Мəскеудің екіжақты əріптестігін дамыту аймақ пен əлемнің қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі",-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, осы сапарда екі елдің қаржы жəне банк мəселесі туралы: "Екі ел қаржы жəне банк саласында доллардың үстемдігін жою жолында қадам жасап, өзара сауда айналымын ұлттық валюта негізінде жүзеге асыра алады",-деді.

Тегтер