Қаң 22, 2022 16:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде орнатылады

ИИР Сыртқы істер министрі өзінің  Twitter-дегі парақшасында ресейлік әріптесімен Мәскеудегі кездесуіне сілтеме жасап: «Иран мен Ресей қарым-қатынасының жаңа тарауында екі ел арасындағы  ынтымақтастық жоғары деңгейде орнатылады»- деп жазды.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті  Ибраһим Раисидің Мәскеуге сапарына қатысып, бейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен Хұсейн Амир Абдоллахиан: «Лавров мырзамен маңызды келіссөздер жүргіздік. Иран мен Ресейдің Ирандағы жаңа атом электр стансаларының құрылысын жеделдету және екі ел президенттері арасындағы соңғы келісімдер аясында ынтымақтастықты жан-жақты дамытудағы ынтымақтастығынан Иран азаматтарының консулдық мәселелері  туралы сөйлестік»,- деді.

 

Тегтер