Қаң 23, 2022 21:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Аһл-е бейтті мадақтаушылармен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына қарсы дұшпандармен ақпараттық соғыстағы мадақтаушылардың рөлін баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи хазірет Фатима-Заһраның туған күніне орай Аһл-е бейтті мадақтаушылармен кездесіп, олардың Қасиетті қорғаныс жылдарындағы рөліне тоқталып: "Қазір де мадақтаушылар дұшпанмен күресте тиімді әрекет етулері керек",-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың ақпарат құралдары арқылы Иран халқының иманы мен сенімдерін бұзып, ойын ауыстыру үшін жасап жатқан ауқымды әрекеттеріне тоқталып, джиһадтың ең маңызды саласын түсіндіру және ағартушылық деп атап: "Осы сайтандық әрекетке қарсы діни топтар өздерінен "Хақ пен жалғанның жанқияр соғысында, өтірік және шын рауаяттар текетіресінде қай жерде тұрмыз және революцияның негізгі армандары мен мақсаттарын қалайша таратамыз?" сұрауы керек",-деді.