Қаң 24, 2022 20:15 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Келіссөздерде жақсы ілгерілеушілік байқалады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Вена келіссөздерінде жақсы ілгерілеушілік болып жатқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде бүгін, дүйсенбі күні баспасөз отырысында Венада Иран мен 4+1 тобы келіссөздеріндегі өзгерістер туралы: "Барлық тараптар АҚШ-тың ядролық келісімнен тағы да шыққанын қабылдамайды",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иран жөніндегі өкілі Роберт Мэллидің  келіссөздерге алғышарт туралы соңғы уәжіне қатысты: "Иран алғашқы күннен бастап ешқандай алғышарт қабылдамады",-деді.

Хатибзаде екі елде түрмеде жатқан шетелдік азаматтар туралы: "АҚШ-тағы ирандық азаматтардың жағдайы туралы алғашқы күннен бастап адамгершілік мәселесіне байланысты өз алаңдаушылығымызды тікелей және жанама түрде баяндадық. АҚШ осыған дейін қол қойған келісімдерге берік болғанда бұл мәселе ең қысқа уақытта шешілген болар еді",-деді.

Тегтер