Қаң 27, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілер экологиялық таза несепнәр тыңайтқышын өндіруде жетістікке жетті

Ирандық зерттеушілер әлемде алғаш рет механикалық беріктік пен антикейкке қарсы қасиетке ие экологиялық таза несепнәр тыңайтқышын өндірді.

Иранның "Пардис" мұнай-химия компаниясының директоры Моджтаба Ғұламиан: "Әлемде алғаш рет механикалық беріктік пен антикейкке қарсы қасиетке ие экологиялық таза несепнәр тыңайтқышы (Anti-cake, Slow-release, Environment-friendly, Eco-friendly) өндірілді. Бұл жетістік сатудан түсетін пайданы арттырумен қоса, өнім сапасының стандарттарын көтеріп, бәсекелестіктің артықшылығын жоғарылатуға себеп болады",-деді.

Несепнәр тыңайтқышы Иран мен әлемдегі біржылдық өсімдіктерді, соның ішінде жүгері, бидай, арпа, күнбағыс, рапс, мақсары, қант қызылшасы, қант қамысы мен басқа да біржылдық дақылдарды қажетті азотпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.   

Тегтер