Қаң 28, 2022 17:02 Asia/Almaty
  • Раиси: Көрші елдермен қарым-қатынасты тереңдету қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады

ИИР Президенті Катар Сыртқы істер министрімен кездесуінде көрші елдер арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету қауіпсіздік факторы бола алатынын қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,   Ибраһим Раиси  кеше,  бейсенбі күні  Мұхаммад бин Абдул Рахман әл-Танимен  кездесуінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, әсіресе энергетика саласында көпжақты механизмдердің маңыздылығына тоқталып: « өндіруші елдердің энергетикалық саясатындағы әріптестік пен үйлесімдікті сақтау және нығайту қажет»,- деді. Раиси  Батыс Азияда шетелдіктердің болуы қауіпсіздік пен алаңдаушылықты арттыратынан тоқталып: «Шетелдіктер бұл аймақтағы халықтар мен үкіметтердің болмысын құрметтемейді және өздерін дүниенің иесі  санайды. Негізінде олар үстемдік пен өздерін артық санау рухын тастап, ұлттардың болмысы мен мәдениетін мойындау керек»,- деп мәлімдеді. Катар Сыртқы істер министрі Катар Әмірінің Раисиді   газ экспорттаушы елдер саммитіне қатысуға ресми шақыруын жеткізген соң: «Катар Иранмен түрлі саяси және экономикалық салаларда қарым-қатынастарын арттыру үшін бар күш-жігерін салуға бел байлады»,- деді.

 

Тегтер