Қаң 28, 2022 18:26 Asia/Almaty

Теһран университетінің бір топ студенті БҰҰ-ның Теһрандағы штаб-пәтері алдына жиналып, халықаралық қауымдастықтың Йемендегі соғыс қылмыстары туралы үнсіздігін сынады.

Студенттер «АҚШ-қа өлім», «Әл-Саудқа өлім» және «Израильге өлім» деп ұрандатып, Сауд Арабиясы мен Әмірлік коалициясының Йемендегі қылмыстарына жиіркеніштерін білдірді. Кейбір студенттер әуе шабуылдары кезінде жараланған немесе қаза тапқан йемендік балалардың суреттерін ұстады.

Саудиялық жойғыш ұшақтар өткен сейсенбіде, 18 қаңтарда Йеменнің солтүстігіндегі Саада облысына шабуыл жасап, 91 адам қаза тапты және 236 адам жараланды.