Maм 15, 2022 13:37 Asia/Almaty

Иранның Білім және тәрбие министрі әрі Парсы тілі мен әдебиеті академиясының басшысы Теһрандағы бір қыздар мектебінде парсы тіліне құрмет ретінде символды түрде қоңырау соқты.

Иранның Білім және тәрбие министрі осы рәсімде: «Ел мектептерінде «Шахнама» мен Сағди туындыларын оқуды жандандыру керек»,-деді.

25 ордибехешт (15 мамыр) Иранның күнтізбесінде Фирдоусиді ұлықтау және парсы тілін құрметтеу күні деп аталады. Фирдоуси – Иранның ұлы ақындарының бірі.

 

Тегтер