Раиси құлағы естімейтіндер олимпиадасында ирандық спортшылардың жарқырай көрінуімен құттықтады
Maм 16, 2022 14:25 Asia/Almaty
Иран Президенті жексенбі күні кешке құлағы естімейтіндер олимпиадасында Иран спортшылар керуенінің түрлі түсті 40 жүлде алып, командалық есепте үшінші орынға тұрақтағанымен құттықтап, бұл жетістікті Иран халқының қуанышы мен мақтанышы деп атады.
Иранның спортшылар керуені құлағы естімейтіндер олимпиадасының 24-ші кезеңінің соңында 14 алтын, 12 күміс жəне 14 қола жүлде алып, Украина мен АҚШ-тан кейін үшінші орынға тұрақтады.
Иран Президентінің əкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси өз құттықтау жолдауында: "Осы олимпиаданың командалық кестесінде төрт сатыға көтеріліп, жеңіске жету исламдық Иран жастарының мықты ерік-жігері мен жоғары қарым-қабілетін тағы да көрсетіп берді",-деді.