Maм 16, 2022 17:01 Asia/Almaty

Иранның Гилан облысындағы Били-Ленге туристік ауылында алғашқы Амлаш шай фестивалі шай өсірушілер, облыс басшылары, халық пен туристердің қатысуымен өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның шай ұйымының басшысы Хабиб Джаһансаз жексенбі күні Амлаш шай фестивалінің ашылу рəсімінде сөйлеген сөзінде елде бүкіл халықтың шай тұтынатынын айтып: "Иранда шай өндірудің экономикалық артықшылығымен қоса, əдемі шай алқаптары туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады",-деді.

Амлаш - шай өндіретін маңызды аймақтардың бірі. Ирандық шайдың 90 пайыздан астамы Гилан облысында өндіріледі. Амлаш ауданында 4850 га шай алқабы бар. Бұл ауданнан жылына 30 мың тонна көк шай жапырағы жиналады.