Maм 16, 2022 21:21 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі уағызшы Фатеминианың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі арнайы хат жолдап, уағызшы әрі діни ғалым сейітАбдулла Фатеминианың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеидің хатында: «Бұл марқұм ғалымның ауқымды білімі, тартымды сөз саптасы мен тәтті тілі жастар мен ақиқат жолын іздеушілер үшін берекелі дереккөз болды. Одан айырылу бізді қатты қайғыға батырды»,-делінген.  

Ислам революциясының жетекшісі сейіт Абдулла Фатеминиа үшін Алла тағаладан рақым мен кешірім сұрады.

Иран Президенті Ибраһим Раиси мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф та бөлек-бөлек жолдауда сейіт Абдулла Фатеминианың қайтыс болғанына байланысты көңіл айтты.

Иран университеті мен діни оқу орнының ақлақ ұстазы әрі ислам тарихшысы сейіт Абдулла Фатеминиа дүйсенбі күні дүниеден озды.

Тегтер