Maм 18, 2022 19:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Көршілерімен әрекеттесу арқылы шаң мәселесі шешіледі

ИИР президенті елдегі шаң-тозаң мәселесін шешуге баса назар аударды.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси бүгін (сәрсенбі) министрлер кабинетінің отырысында ластану мен шаңның көбеюіне тоқталып, қоршаған ортаны қорғау ұйымына сыртқы істер министрлігінің және басқа да тиісті органдардың ынтымақтастығымен ауаның ластану мәселесін шешуді тапсырды. Раиси: «Бұл мәселені шешу үшін аймақтағы елдермен және көршілермен ынтымақтастық қажет»,- деді. Соңғы күндері құм дауылдары мен шаңды дауылдар Иранның батыстағы кейбір көршілерінің, соның ішінде Сирия, Ирак және Иорданияның аспанында болды. Бұл шаңды дауыл Түркияның үлкен бөгетінің құрылысының алғашқы өнімі. Иранда шаңның кесірінен кейбір қалаларда жұмыс орындары демалысқа шықты.