Maм 20, 2022 15:54 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде: Егер АҚШ қисынды әрекет етсе, келісім болады

Иран Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлескенде егер АҚШ қисынды әрекет етсе, келісімнің болатынын мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир-Абдуллахиан  кеше (бейсенбі)  Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен кезде Вена келіссөздері мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы: «Егер АҚШ қисынды әрекет етсе, келісім болады. Теһранның жақсы, күшті және ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізуге ерік-жігері бар, бірақ  қызыл сызықтарды сақтау керек. Ресейдің Иран бекіткен келісімді қолдаудағы оң ұстанымы мақтауға тұрарлық»,- деді.

Бұл телефон сұхбатында Ресей Сыртқы істер министрі де: «Мәскеу ирандық тараптың мүдделері мен талаптарын орындау үшін әділ келісімге келуге талпынуда»,- деді.