Maм 21, 2022 14:45 Asia/Almaty
  • Иран әлемдегі жер серіктерді шығаратын және ұшыратын 10 елдің бірі

ИИР жер серіктерін, жергілікті ұшыру аппараттарын жасау және ғарыш станцияларын салу бойынша әлемдегі 10 елдің бірі болып табылады.

 

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі: «Бұл сала Иранға қуат пен технология әкеледі. Санкциялар мен қиыншылықтардың шарықтауына қарамастан Иран ғарыш саласындағы ең озық білімге ие болды, осылайша жүктерді нысанаға дәл жеткізетін жер серік пен оны тасымалдаушының құрылысы жүзеге асырылды»,- деді. Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ұлыбритания сияқты елдердің қазір жер серіктерін ұшыруда Ресейге тәуелді екеніне  назар аудартып: «Бүгінгі таңда Иран мақтанышпен осы білімді жергілікті еткен елдердің бірі болып табылады»,- деп баса айтты.