Maм 22, 2022 16:37 Asia/Almaty
  • Иран айлақтарының тауар транзиттеу әлеуеті жоғары

Иранның Айлақтар және кеме қатынасы ұйымы басшысының орынбасары Қазақстанның айлақ және темір жол саласы басшыларымен кездесуінде: "Иран арқылы тауар транзиттеу Қазақстан үшін тауар бағасын айтарлықтай төмендетуге көмектеседі",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джалил Ислами Теһранда Ақтау мен Құрық айлақтарының тасымал жөніндегі бас директоры Анар Ерлан, Ақтау айлағының басшысы Абай Түрікпенбаев және екі елдің айлақ саласындағы бірқатар басшыларымен кездесуінде: "Иран арқылы тауар транзиттеуге мүмкіндік бар. Иран айлақтарының тауар транзиттеу әлеуеті өте жоғары",-деді.

Ислами Қазақстанның, әсіресе Ақтау айлағының аймақта Иран арқылы транзиттік хаб рөлін атқара алатынын айтып: "Бұл жағдай Қазақстанның экспорттық және транзиттік тауарларын тасымалдау үшін де, осы елдің айналасындағы мемлекеттер, мысалы, Ресейдің тауарларын жіберу үшін де тиімді",-деді.

Тегтер