Maм 24, 2022 14:23 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иран мен Оманның көптеген мәселелердегі ұстанымдарының айтарлықтай үйлесімді екенін атап: «Иран мен Оман арасындағы жақсы қарым-қатынас аймақтық ынтымақтастықты арттырады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси Оманға ресми сапардан оралғаннан кейін: «Дүйсенбі күнгі Оманның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулерде екі елдің халықаралық ынтымақтастығы қажет екені және екі елдің ұстанымдарының көптеген мәселелерде сәйкестігі баса айтылды. Оманның Өнеркәсіп және сауда министрінің қатысуымен өткен екі елдің экономикалық белсенділерімен, бизнесмендерімен және кәсіпкерлерімен кездесуде сауда, ақша аудару, қаржы, банк және кеден саласындағы проблемалар талқыланды және сауда-экономикалық жұмыстарға жол ашу үшін жақын арада кедергілер жойылатын болды»,- деді.

 

Тегтер