Maм 25, 2022 16:41 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Елдің бүгінгі мәселелерінде күрес пен шынайылықпен жеңіске жетуге болады

Ислам революциясы жетекшісі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдерімен кездесуінде елдің бүгінгі мәселелерінде күрес пен шынайылықпен жеңіске жетуге болатынын қуаттады.

 

Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші кезеңінің өкілдері  бүгін, сәрсенбі күні имам Хомейни атындағы хұсейнияда Ислам революциясының   жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті. Аятолла Хаменеи бұл кездесуде Хорамшахрдың жеңіске жетуін ұлттық құтқарылу және ащы теңеулердің тәтті теңеулерге айналуының символы деп атап: «Елдің бүгінгі мәселелерінде де сол кездегідей күреспен және шынайылықпен жеңе аламыз. Жиһад, жанқиярлық, табандылық, бастамашылық, жаңашыл амалдар мен жолдарды іздеу, осының барлығының рухы – Алланың ықыласы мен Аллаға тәуекел ету,  Алла үшін еңбек ету. Бұл сол уақытқа және сол оқиғаға ғана тән емес, өздерің бетпе-бет келіп отырған елдегі ішкі және сыртқы мәселелер, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері сияқты әртүрлі оқиғаларда осы бірнеше факторлардың, атап айтқанда Алланың жолындағы жиһадтық әрекетте, Аллаға деген ықылас, шешімділік, бастамашылықтың  көмегімен жеңіске жетуге болады»,- деді.