Maм 25, 2022 18:13 Asia/Almaty
  • Шамхани Тәжікстанға барады

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аймақтық қауіпсіздік диалогы отырысына қатысу үшін Тәжікстан астанасы Душанбеге сапар шегеді.

 Аймақтық қауіпсіздік диалогының төртінші отырысы жұма күні Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді. Иран, Ресей, Қытай, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан ұлттық қауіпсіздік агенттігінің хатшылары, кеңесшілері мен өкілдері қатысатын отырыста Ауғанстандағы оқиғалар талқыланады.  Iran Press-тің хабарлауынша, ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани отырысқа қатысумен қатар, кейбір әріптестерімен бөлек кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылайды. Аймақтық қауіпсіздік диалогы кездесулерінің сериясы ИИР-ның бастамасымен 2018 жылы құрылды. Бірінші және екінші отырыстар Теһранда, үшінші кездесу Нью-Делиде өтті.