Maм 27, 2022 00:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран барлық жауластықтарға қарсы тұрып қана қоймай, дамып, жетістіктерге жетіп жатыр

Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдерімен кездесуінде: "Иран барлық жауластықтарға қарсы тұрып қана қоймай, дамып, жетістіктерге жетіп жатыр",-деді.

Аятолла Хаменеи әлемде орнаған жағдайдың себептерін түсіндіріп: "Алпауыттардың жауластық негізіндегі бәсекелестігі және ядролық қаруға ие елдердің бір-біріне қоқан-лоққы жасауы, әлемде соғыс көп болатын аймақтардың бірі ретіндегі Еуропаға жақын маңда соғыс пен әскери әрекеттердің болуы, бір аурудың бұрын-соңды болмаған деңгейде таралуы және әлем деңгейінде азық-түлік тапшылығы қатерінің туындауы – осы факторлардың барлығы қазіргі жағдайға әсер етіп отыр. Мұндай жағдайда елдерді басқару ауырырақ әлі күрделірек",-деді.   

Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, 1979 жылғы Ислам революциясының жеңісі Батыс және Шығыс алпауыттарынан тұратын халықаралық жүйені бұзып қана қоймай, ислам дініне негізделіп, діни демократия ұсынғандықтан басқа елдер, соның ішінде ислам халықтары үшін еркіндік алудың жаңа үлгісіне айналды. Сол себепті үстемшіл жүйенің Иранмен жауластығы Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бері жалғасып келеді. Сегізжылдық соғысты таңу және сондай-ақ ауқымды әскери және экономикалық санкциялар салуды да осы аяда бағалауға болады. Өйткені бұлар исламдық Иранның күн сайын артып келе жатқан құдіреті мен дамуын тоқтатып, әлсіретуді мақсат тұтты.

Иранның өнеркәсіп, армия мен ғылым салаларындағы ілгерілеушіліктеріне шолу көрсеткендей, Ислам революциясының мақсаттары дұрыс. Дұшпандардың Иран Ислам Республикасының күш-қуатын ауыздықтауға бағытталған жан-жақты қысымдары сәтсіздікке ұшырады.

Ислам революциясы жеңіске жеткен соң Иран тәуелділікті азайту бағытында әрекет етті. Қазіргі таңда кейбір экономикалық көрсеткіштер, соның ішінде жалпы ішкі өнімді арттыру, өнеркәсіп, атом, әуе-ғарыш және ғылым салаларында даму – осының барлығы санкциялық жағдайда –  исламдық Иранның үстемшілдер мен дұшпандарға қарсы тұру жолында сәттілікке жеткенін көрсетеді. Мысалы, халықаралық ғылыми орталардың хабарлауынша, Иранның ғылыми даму жылдамдығы әлемдегі ғылыми дамудың орташа жылдамдығынан 11 есе артық. Иранның әлемде ғылым өндіру үлесі 1998 жылы 0,07 пайыз болса, 2020 жылы 2 пайызға жетті. Яғни Иранның әлемде ғылым өндіру үлесі халық санымен салыстырғанда екі есе артық.   

Тегтер