Maм 27, 2022 17:26 Asia/Almaty

Бейсенбі күні Теһрандағы «Азади» спорт кешенінде оқушылар мен олардың жанұяларының қатысуымен «Сәлем, қолбасшы!» жиыны өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһрандағы «Азади» спорт кешенінде  «Имам Хұсейн халқы» тобы өскелең ұрпақтың ислам жүйесі, велаят пен Отанға адалдығын көрсететін әндер айтты.

Ирандық жасөспірімдердің адамзатты құтқарушыға құрметі мен жүрек қалауын білдіретін  «Сәлем, қолбасшы!» әні Иран территориясынан асып, бірнеше тілге аударылды.