Maм 28, 2022 19:24 Asia/Almaty

Бүгін, сенбі күні Иран қарулы күштерінің екі жаңа жетістігі, атап айтқанда, ұшқышсыз ұшақтар мен «Хайдар» қанатты зымырандарының тұсауы кесілді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Мұхаммад Бақеридің ИИР армиясының 313-ші ұшқышсыз авиациялық стратегиялық базасына сапары барысында алғаш рет екі жаңа жетістік көрсетілді. Бірінші жетістік – Иран әскери-әуе күштерінің «Каман-22» ұшқышсыз ұшағын тасымалдай алатын «Хайдар 1» қанатты зымыраны. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл зымыранның ұшу қашықтығы 200 шақырымды құрайды және оның нысанаға тиген кездегі жылдамдығы сағатына 1000 шақырымды құрайды. «Хайдар» қанатты зымыраны – ұшқышсыз ұшу аппараттарынан атуға қабілетті алғашқы ирандық қанатты зымыран. Екінші жетістік - жүк ұшағы болып табылатын «Хайдар-2» ұшқышсыз ұшағы.