Маусым 21, 2022 14:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Дұшпанның жоспары иман мен үмітті әлсіретіп, басшыларды тығырыққа тіреу

Ислам революциясы жетекшісі дұшпанның жоспары иман мен үмітті әлсіретіп, басшыларды тығырыққа тіреу деп тоқталды.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің 1401 жылы 12 хордадта өткен Көшпелі шәһидтер ұлттық құрылтайы ресми тұлғаларының отырысында сөйлеген сөзі бүгін, сейсенбі  таңертең Чахармахал-Бахтияр облысындағы Шахрекорд қаласының конференция өтетін жерде жарияланды.

Бұл кездесуде хазірет аятолла Хаменеи ұлық имамының көшпенділерді елдің қазынасы деп атауына тоқталып, бұл құрылтайдың өткізілуін халықтың көшпенділермен жақынырақ танысуы үшін қолайлы мүмкіндік деп атап: «Бүгінде Иран мен Исламның жаулары жұмсақ соғысқа сүйенеді. Сондықтан ұлт өкілдерінің барлығына, оның ішінде көшпенділер  де мәдени шығармалар мен бұйымдарды қажет етеді. Әрине, кино және кітап шығару сияқты мәдени жұмыстарда туындылардың   әсері ескеріліп, бағалануы керек»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі көшпелілердің соңғы екі-үш ғасырдағы шетелдіктердің сансыз әрекеттеріне қарсылық білдіргенін қуаттап: «Бұл әрекеттердің мақсаты көшпелілерді елге опасыздық жасауға мәжбүрлеп, бөліні және азамат соғысы сияқты шараларды қолдану болды. Бірақ олар ешқашан табысқа жете алмады, сондықтан Иранның көшпелілері ұлттың ең адал қабаттарының бірі болып табылады»,- деп айтты.  Ол революция мен қасиетті қорғаныс кезіндегі көшпенділердің жанкештілігін олардың адалдықтарының тағы бір көрінісі  атап: «Халықтың, оның ішінде көшпелілердің бірлігінің, ілгерілеуінің, жанқиярлығының басты факторы «дін» факторы болды. Имам Хомейни  осы маңызды факторды пайдаланып, революцияны жеңіске жеткізді. Сондай-ақ, бұл фактор революциядан кейін шетелдік державалар мен реакциялық үкіметтердің жаппай қолдауына қарамастан Саддам (Ирактың құлатылған диктаторы) революцияны тоқтату үшін елдің иммунитеті мен қорғанысына әкелді»,- деп мәлімдеді.