Маусым 23, 2022 18:45 Asia/Almaty
  • Иранның Қызыл жарты ай ұйымы Ауғанстанға көмегін жіберді

ИИР-ның Қызыл жарты ай ұйымының бас хатшысы Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге мың азық-түлік пакеті мен мың шатырдан тұратын гуманитарлық көмектің жіберілгенін хабарлады.

Яқуб Сулеймани IRNA агенттігіне берген сұхбатында сәрсенбі күні таңертең Хост қаласында болған 6 баллдық жер сілкінісінен Ауғанстан азаматтарының   қаза болуына байланысты көңіл айтып:  «Жер сілкінісінен қалған ауыр шығынға байланысты Иранның Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанға   гуманитарлық көмек жіберді. Жүк өткен түнде (сәрсенбі) Иран армиясының ұшағымен Теһраннан жөнелтілді. Сонымен қатар, Иранның Систан және Белучистан облысынан Ауғанстанға құрлық арқылы тағы жүк, оныі ішінде азық-түлік жөнелтіледі»,- деді.

 

Тегтер