Маусым 24, 2022 17:58 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Оман Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде: Аймақтың болашағы туралы шешімді аймақ тұрғындары қабылдайды.

ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке Оман Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесуінде Иран аймақтық диалог пен ынтымақтастыққа баса назар аударып, аймақ халқы аймақтың болашағы туралы шешім қабылдауы керек екенін мәлімдеді.

 

Осы телефон сұхбатында  Хұсейн Амир Абдоллахиан  да Теһран мен Маскаттың екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту және тереңдету жолындағы талпыныстарына тоқталып, ИИР Президентінің жақында Оманға сапары барысында қол жеткізілген түрлі өлшемдер мен келісімдерді қадағалап, жүзеге асыру қажеттігін қуаттады. Амир Абдуллахиан Оманның маңызды аймақтық оқиғалардағы рөлін, елдің аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен ынтымақтастық орнату жолындағы талпыныстарын, соның ішінде Маскаттың Йемен мәселесіне қатысты талпыныстарын жоғары бағалады.

 

Тегтер