Раиси: Иран мен Ирактың жоғары лауазымды тұлғаларының барлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға терең әрі шынайы ерік-жігері бар
ИИР Президенті Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Иран мен Ирактың жоғары лауазымды тұлғаларының барлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға терең әрі байсалды ерік-жігері бар»,- деп қуаттады.
Президенттік ақпараттық базаға сәйкес, Ибрахим Раиси кеше, жексенбі күні Мұстафа әл-Каземимен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иранның Иракпен қарым-қатынасы қарапайым және дәстүрлі емес, екі халық пен екі елдің мәдениеті, көптен келе жатқан ортақ сенімдерінен бастау алған өте терең қарым-қатынастар. Бүгінде біз Иракты Иран халқына ең жақын ел ретінде көреміз және әртүрлі салаларда ең жақын қарым-қатынасымыз бар»,- деді.
Ирак Премьер-министрі де Арбаин кезінде зияратшыларға бар күш-жігермен қызмет ететіндерін және оларды қарсы алатындарын қуаттады.