Маусым 27, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери: Иран сионистік режимнің аймақтық араласуларына реакция жасауда

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы: «ИИР сионистік режимнің қоқан-лоққыларына шыдамайды және оған міндетті түрде жауап береді»,- деді.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Генерал-майор Мұхаммад Бақери дүйсенбі күні Теһранда Пәкістан армиясы Бас штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Резамен кездесуі барысында сионистік режимнің Centcom-ға мүше болуы және жабдықты орналастыру және жаттығуларға қатысу аймаққа қауіп төндіреді деп тапты. Генерал Бақери Ауғанстанның Иран мен Пәкістан арасындағы ең ықпалды мәселелердің бірі екеніне тоқталып: «Иран Ауғанстан тарапынан лаңкестіктің дамуына алаңдаулы, оны Иран мен Пәкістанның ынтымақтастығы арқылы шешу керек»,- деп мәлім етті. Генерал Багери де Ресей-Украина соғысының аймақ пен әлемге әсері бар деп: «НАТО-ның Ресей шекарасына қарай кеңеюі оның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді»,- деді

 

Тегтер