Маусым 27, 2022 20:06 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Үстемдік жүйесі әрқашан екіжүзділік ағымын қолдады»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси бүгін, дүйсенбіде, Ұлттық сот билігі конференциясында, сот жүйесінің басшыларын, қызметкерлерін және еңбекқор соттарын «Сот апталығымен» құттықтап, 7-ші тир шәһидтері мен шәһид доктор Бехештиді еске алып: «Екіжүзділік ағымы үстемдік жүйесінің қолдауымен революциялық майданға, революциялық қозғалысқа және революция нышандарына физикалық түрде қастандық жасауға шешім қабылдады. Өткен 40 жылда елде болған әрбір оқиға, әр бүлік жасалды, одан екіжүзділік ағымының ізі байқалады. Екіжүзділік ағымы әрқашан үстемдік жүйесінің қолдауымен өзінің бұзақылығын жалғастыруға тырысты. Бірақ олар сәтті болмады және болмайды»,- деп мәлімдеді.