Маусым 27, 2022 20:32 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі «АҚШ  адам құқықтары апталығына» байланысты бұл елдің адам құқғын бұзуы туралы твиттер жазды

«АҚШ адам құқықтары апталығының» басталуымен байланысты Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың адам құқықтары мен халықаралық құқықтарды бұзуының көптеген жағдайларын атап өтті.

Иранда 27 маусымнан 3 шілдеге дейін «Адам құқықтарының АҚШ-пен бұзылуын әшкерлеу апталығы» болып белгіленді. АҚШ қоғамы Американың ирандықтарға қарсы тікелей немесе тікелей емес қылмыстарын еске түсіреді. IRNA-ның хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні «АҚШ адам құқықтары апталығының» парсы, араб және ағылшын аккаунттарында жарияланған твиттерде «АҚШ адам құқығы апталығының» басталуымен байланысты: «АҚШ-тың адам және халықаралық адам құқықтарын бұзуының көптеген жағдайларын келтірді»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрлігінің твитінде былай деп айтылды: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Қасем Сүлейманиді мақсатты түрде өлтіру, Ауғанстан халқының ресурстарына тосқауыл қою, Абу-Гұрайб пен Гуантанамо және тұтқындарды азаптау, Иранның мұнай жөнелтілімдерін ұрлау, кең ауқымды санкциялар енгізу және ирандықтардың дәрі-дәрмекке қол жеткізуіне тосқауыл қою және денсаулық құқығын бұзу, АҚШ-тағы қара нәсілділердің құқықтарын бұзу және Парсы шығанағы үстінде жолаушы тасымалдайтын ирандық ұшақты әдейі атқылау бұл АҚШ-тың адам құқықтарын бұзуының мысалдары ретінде келтірген кейбір жағдайлар.