Маусым 27, 2022 21:50 Asia/Almaty
  • Иран халықаралық қауымдастықтың есірткіге қарсы күресте шынайы еместігін сынады

ИИР Президенті Ибрахим Раиси: «Елдер мен халықаралық ұйымдар есірткіге қарсы күресте өздерінің талаптары мен жауапкершіліктері шамасында рөл атқармайды»,- деді.

Нашақорлық және есірткі бизнесі бойынша халықаралық конференция 1987 жылы 17-26 маусымда Венада БҰҰ Бас Ассамблеясымен шақырылды. Конференцияға қатысушы елдер C.M.O деп аталатын құжат қабылдады. Бұл кешенді бағдарламалық құжат қатысушы елдердің есірткіні бақылауға қажетті шараларын белгіледі және оларды есірткінің заңсыз айналымымен күресу үшін шынайы халықаралық шаралар қабылдауға міндеттеді. Есірткі өндірісі мен заңсыз айналымы мәселесі жаһандық мәселе екендігіне қарамастан және халықаралық қауымдастық, соның ішінде БҰҰ бұл мәселеге қарсы күресте жан-жақты қолдау көрсетуді міндетті болғанымен, ИИР бұл күресте дерлік жалғыз және БҰҰ сияқты халықаралық қауымдастық өз міндеттемелерін орындау мен қолдау көрсетуді қысқартты. Дүниежүзіндегі ең ірі есірткі өндіруші Ауғанстанға жақын орналасқандықтан, Иран әрқашан Еуропа елдеріне транзит  жолында болды. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 2019 жылы апиынның 90%, морфиннің 70% және әлемдік героиннің 20% Иранмен табылды.

Иран есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте алдыңғы қатарда болғанымен, бұл қымбат шайқаста Иран ешқандай қолдау ала алмай отыр. Осы уақытқа дейін есірткі саудасымен күресте мыңдаған ирандық сарбаз шәһид болып, мыңдаған адам жарақат алды. Сондай-ақ Иран АҚШ-тың ең қатаң экономикалық санкциялары кезінде есірткіге қарсы күреске жылына шамамен 350 миллион доллар жұмсайды. Бұл жаһандық дилеммамен ешбір мемлекет жалғыз өзі күресіп, барлық шығындарды өтей алмайтыны шындық. Бұл күресте,   барлық елдер мен халықаралық ұйымдардың рөл атқаруы қажет. Әзірге олар өз міндеттерін тиімді атқарған жоқ.