Маусым 28, 2022 16:44 Asia/Almaty
  • Ирандық жас зерттеуші халықаралық криобиология сыйлығын жеңіп алды

Даонг Гао жас зерттеуші сыйлығы деп аталатын Халықаралық криобиология сыйлығы ирандық зерттеуші Рухолла Фатхиге берілді.

 

«Криобиология» саласындағы жас зерттеушіге арналған халықаралық сыйлық жыл сайын Дүниежүзілік криобиология қауымдастығымен биомұздату (криобиология) саласында белсенді, өз елінде осы ғылымды дамытуда тиімді 45 жасқа дейінгі зерттеушілерге беріледі. Халықаралық криобиология қоғамының сыйлығы 2019 жылы тағайындалды. Оның төртінші кезеңі 2022 жылы Оңтүстік Ирландияның астанасында шілде айында өтеді.

Криобиология - тірі зат пен тірі жасушаларды төмен температурада қалай сақтау туралы ғылым.