Маусым 29, 2022 13:06 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Иран сот жүйесінің басшысы және бірқатар соттар мен сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесуінде дұшпандарға қарсы тұрудың нәтижесін жеңіс пен ілгерілеу деп атады.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кездесуде аятолла Хаменеи қоғамдардағы өзгермейтін илаһи дәстүрлерге тоқталып: «1360 жылғы (1981ж.) үлкен және ащы оқиғаларға қарсы Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесінің таңғаларлық жеңісінің себебі қарсыласу мен талпыныс және дұшпандардан қорықпау болды. Илаһи көмек барлық уақытта қайталанады және біз 1401 жылы (2022) Алланың 1360 жылғы (1981) Алланың өзі екенін ұмытпауымыз керек»,- деді.

Аятолла Хаменеи кейбір әлсіздіктер мен ішкі кемшіліктерге байланысты кейбір бөлімдердегі дұшпанның  үміттеріне сілтеме жасап: «1981 жылы да, одан кейінгі қырық жылда да жау кей жағдайда үміттеніп, революция мен жүйенің құлдырауын елестетті. Бірақ бұл үміт үмітсіздікке айналды, олардың проблемасы бұл үмітсіздіктің сырын түсінбеуінде»,- деп тоқталды.