Маусым 29, 2022 14:12 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Иран мен Пәкістанның қарулы күштері арасындағы жақсы қарым-қатынастар екі елдің шекарасында салыстырмалы түрде жақсы қауіпсіздік жағдай туғызды»,- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Пәкістан армиясы біріккен бас штабының төрағасы Надим Резамен кездесуінде АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстанда жиырма жыл бойы болуынын бұл ел үшін өлтіру мен қиратудан басқа ештеңе әкелмегеніне тоқталып: «Талибан барлық этникалық топтар қатысатын инклюзивті үкімет құру арқылы Ауғанстанда бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуі керек»,- деп мәлімдеді.

Надим Реза бұл кездесуде: «Пәкістан армиясы штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы ретінде мен әрқашан Иранның Пәкістанның жақын досы екеніне сендім. Өткен бір айдағы Пәкістан басшыларының Иранға көптеген дипломатиялық сапарлары біздің ИИР-мен қарым-қатынасымызды кеңейтуге мүдделі екенімізді көрсетеді»,- деп айтты.

 

Тегтер