Маусым 29, 2022 22:41 Asia/Almaty
  • Раиси: ИИР Каспий теңізін бейбітшілік пен достық теңізі және аймақ тұрғындары арасындағы байланыс пен жақындық факторы деп санайды

ИИР Президенті Каспий жағалауы елдерінің алтыншы саммитінде: «Иран Каспий теңізін бейбітшілік пен достық теңізі және аймақ халқы арасындағы байланыс пен жақындық факторы ретінде қарастырып, өзара құрмет пен мүддеге негізделген жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдейді»,- деді.

Иран президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін (сәрсенбі) Ашхабадта өткен Каспий жағалауы елдерінің алтыншы саммитінде: «Бірнеше құжаттарды реттей отырып, біз ынтымақтастық пен осы акваторияның игілігін көру үшін тиісті құқықтық негіздерін жасадық. Бұл жетістіктердің барлығы күш-жігердің, әдептіліктің, көрегендіктің, қоғамшылдық пен елдеріміздің құқықтары мен өзара мүдделерін ескерудің жемісі. Біздің бұл акваторияға, сондай-ақ жағалаудағы елдерге қатысты көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін және бір-бірінің егемендігі мен құзыретін құрметтеу мақсатында Каспий теңізінің минералдық ресурстарын пайдалану бойынша жауапты іс-әрекет, қоршаған ортаны қорғау, тірі ресурстарды тиімді пайдалану құқықтар мен міндеттердің бөлігі болып табылады», - деп қосты.

Раиси: «Бес жақты ынтымақтастыққа баса назар аударып, біржақты әрекеттерге жол бермей, бар мүмкіндіктерге сүйене және ынтымақтастықты кеңейте отырып, біз Каспий теңізі аймағын  бейбітшілік пен достық аймағы ретінде және Каспий теңізіне қатысты барлық шешімдерде аймақ пен жағалаудағы елдердің ұзақ мерзімді мүдделеріне және «консенсус қағидатын» сақтауға байыпты көңіл бөлуіміз керек»,- деп ескертті. 

ИИР Президенті сондай-ақ: «Иран Ислам Республикасы Иран географиялық орналасуына және қолайлы инфрақұрылымына байланысты  Каспий жағалауы елдеріне басқа елдер мен аймақтарға, әсіресе Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі Иран порттарына өз территориясы арқылы транзит  етуге дайын»,- деді.

 

Тегтер