Маусым 29, 2022 23:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Түрікменстан арасында жасалған келісімдер мен өзара түсіністік туралы меморандумдардың орындалу барысына шолу

Иран мен Түрікменстан президенттері екі ел арасында жасалған келісімдер мен меморандумдардың орындалу барысына баға бере отырып, ынтымақтастық құжаттарының толық орындалуы екі ел арасындағы өзара әрекеттестікте жаңа кезеңді ашатынын және Теһран-Ашхабад экономикалық және сауда қарым-қатынастарын арттыратынын баса айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесуінде екі ел арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынастардың 30 жылдығына тоқталып: «Иранның 13-ші үкіметі көршілерімен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше басымдық береді»,- деді. Раиси сондай-ақ аймақтық ынтымақтастықты кеңейту үшін Каспий маңы елдерінің алтыншы саммитінің шешімдеріне үміт білдіріп: «Осы саммиттің өзіңде және оның аясында болып жатқан   консультациялар қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып және шетелдіктердің болуына жол бермеуге баса назар аудара отырып, Каспий теңізінің мүмкіндіктерін бейбіт мақсатта тиімді пайдалануға әкелетіні сөзсіз»,- деді.

Сердар Бердімұхамедов сонымен қатар Каспий теңізін жағалаудағы бес мемлекеттің бірлескен қоры деп атап:  «Ұжымдық күш пен ынтымақтастық арқылы Алланың берген бұл нығметінің мүмкіндіктерін оңтайландыру керек»,- деді.

Тегтер