Шіл 02, 2022 15:10 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Сирияға аттанды

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сирия басшыларымен кездесіп, кеңесу үшін Дамаскіге аттанды.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан делегацияны басқарып, сенюі күні Сирияға   аттанды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кананидің айтуынша, бұл сапардың мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды қарастырып, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Аймақтық сапарының жалғасында Амир Абдуллахиан Түркияға барады»,- деп хабарлады.

 

Тегтер